Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының минералды шикізатты технологиялық сынау зертханасының ғылыми қызметкерлері мыс концентратын алу бойынша байытудың оңтайлы схемаларын әзірледі.
Бұл технологияның тауарлық өнімі – металл матрицаларына мысты тұндыру жолымен алынатын катодты мыс саналады. Осы ретте мыс катодтарының сапасы мықты және жоғары таза өнім екенін айта кетейік.
Айта кету керек, қазір бұл бағытта Қазақстан мен Иранның бірлескен жобасы іске асырыла бастады. Осы іске түсті металдар ғылыми-зерттеу институтын жұмылдырудағы басты себеп – орталықтың мұндай жұмыстарды жүргізудегі іс-тәжірибесінің болуы, институттың тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыда сынақтарды жүргізу мүмкіндігі, сондай-ақ байыту мен металлургия бағытында қызметкерлердің жоғары біліктілігі және кәсібилігі маңызды фактор болды.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының ирандық IRKAZ METAL Corporation компаниясымен ынтымақтастығы 2013 жылы Борлы кен орнындағы тотыққан мыс кендерінің үймелі шаймалау учаскесін жобалаудың технологиялық регламентін әзірлеу жөніндегі шартты жасасудан басталған еді. Сол кезеңде Қарағанды облысының Приозерный ауданындағы Қоңырад кенішінен 45 шақырым жерде орналасқан Борлы кен орны қор көлемін есептеу мен оған қажетті технологиялық зерттеулер жүргізу сатысында тұрған болатын.
Айталық, жоғарыдағы институттың минералды шикізатты технологиялық сынау зертханасының қызметкерлері Irkaz Metal Corporation-ның орташа мыс мөлшерін 0,35% деңгейге дейін тотыққан кендерді өңдеу жөніндегі міндетін шешу үшін мыс концентратын алуға байланысты байытудың оңтайлы схемаларын әзірледі.
Қазір аталған жобаның барлық техникалық әрі технологиялық шешімі өндіріске енгізілген. Еліміздің аумағында осындай кәсіпорындардың қызметі мыс концентратын барынша өңдеуге мүмкіндік беріп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға оң әсер етеді деп болжанып отыр.
Источник: gov.kz/memleket/entities/miid
Басқа жаңалықтар
Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026
Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты АҚШ пен Швейцариялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдары мен «Қостанай минералдары» АҚ мамандарының авторлық ұжымдары академик Е. Бөкетов атындағы сыйлыққа ие болды
ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін