ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

02.10.2026

«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директоры Әділет Доғамбеков «С5+1» елдер өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінің бірінші отырысына қатысты. Іс-шара 2026 жылғы 14 қыркүйекте Сеулде «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші бизнес-саммиті аясында өтті.

Отырыс Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағасбаев пен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чжон Кванның тең төрағалығымен өтті.

Дипломатиялық қатынастардың 34 жылында алғаш рет Орталық Азияның бес елі Корея Республикасымен бірге инвестициялар, технологиялар, өнеркәсіптік инфрақұрылым, аса маңызды минералдар мен жаһандық жеткізу тізбегі, кадрлық әлеуетті дамыту және т. б. салалардағы «C5+1» форматындағы ынтымақтастықты кеңейтудің ортақ көзқарасы мен перспективасын талқылау үшін жиналды.

Өз сөзінде Ерсайын Нағасбаев Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың басшылығымен дамудың жаңа кезеңіне кіргенін, ҚР жаңа Конституциясымен бекітілген және инвесторлардың сенімін нығайтуға бағытталған ауқымды реформаларға баса назар аударылғанын атап өтті. Е. Нағасбаевтың айтуынша, «Қазақстан Республикасы Президентінің Сеулге мемлекеттік сапары өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және Қазақстан-Корей қатынастарының барлық кешенін дамытуға қосымша серпін береді».

Отырыс қорытындысы бойынша Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасында өнеркәсіп саласындағы және жеткізу тізбегі саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Бірлескен декларация қабылданды. Жалпы алғанда, «Қазақстан-Корея» іскерлік дөңгелек үстелінде газ өңдеу зауытын салу, мұнай-химия зауытын кеңейту, Алатау «ақылды қаласын» дамыту, жасанды интеллект саласындағы ұтқырлық пен ынтымақтастық сияқты салаларда өзара түсіністік туралы 78 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің желісі бойынша жалпы сомасы 4 401,9 млн $ болатын 15 құжатқа қол қойылды.

«C5+1» алаңы Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы практикалық өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. ҚР-ның ОА және Оңтүстік Корея елдерімен тауар айналымы өткен жылы шамамен 1 12 млрд $ құрады. Елдің өңдеу өнеркәсібінде 1 мыңнан астам бірлескен компаниялар жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз