ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

01.10.2026

«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директоры Әділет Доғамбеков 2026 жылғы 10-13 қыркүйекте Тяньцзинь қаласында (ҚХР) өткен 28-ші Халықаралық China Mining 2026 конференциясы мен көрмесіне қатысты. Конференцияның негізгі тақырыбы – «Өзара тиімді ынтымақтастық, жасыл және зияткерлік даму».

Іс-шара аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен жаңа өндірістерді құру перспективаларына арналған Kazakhstan Day панельдік сессиясы өтті. Сессия жұмысын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ашты. Ол қатысушыларға елде инвесторлар үшін жасалатын жағдайлар туралы, сондай-ақ аумақты геологиялық зерттеуді кеңейту жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. Сонымен қатар, Е. Нағаспаев Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Табиғи ресурстар министрі Лю Гохунмен кездесті. Екі тарап та тау-кен металлургия саласы мен өнеркәсіп саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізді.

China mining 2026 алаңдарында әлемдегі ең ірі тау-кен өндіру компанияларының бірі – Zijin Mining Group өкілдерімен келіссөздер өтті. Тараптар Қазақстанның тау-кен-металлургия саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Минералды шикізатты терең өңдеу, заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

China Mining – геология, минералды ресурстар және тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі ең ірі және ең ықпалды халықаралық алаңдардың бірі. Биылғы жылы іс-шараға 65 елдің өкілдері, оның ішінде 35 министр, ірі өнеркәсіптік корпорациялар, сондай-ақ сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Zijin Mining Group саланың әлемдік көшбасшыларының қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания 1 млн тоннадан астам мыс өндіріп, әлемдік өндірушілер арасында 4-ші орынды иеленді, ал алтын өндіру көлемі 90 тоннаны құрады. Компания мыс қоры бойынша әлемде 3-ші, алтын мен мыс ресурстары бойынша 5-ші, мырыш бойынша 6 – шы және литий бойынша 7-ші орында.

Басқа жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз