Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

30.09.2026

Ферротитан – қазіргі металлургия үшін маңызды компонент. Титанды қосу болаттың кристалдық құрылымын басқаруға мүмкіндік береді, оны берік, коррозия мен жоғары температураға төзімді етеді. Осы уақытқа дейін бұл қорытпаны өндіру технологиялық тұрғыдан күрделі және қымбат болып келді. Ж.Әбішев атындағы Қарағанды химия-металлургия институтының («Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы) жас ғалымдар командасы Қазақстанның ресурстарына ғана сүйене отырып, бұл жағдайды өзгертудің жолын тапты.

Жаңа әзірлеменің негізінде бұрын өнеркәсіптік балласт деп саналатын классикалық қымбат шикізаттан бас тарту. Зерттеушілер титанқұрамды кешенді тотықсыздандырғыштарды бейкондиционды ильменит концентраттары мен күлділігі жоғары көмірден алады. Әдістің тиімділігін дәлелдеу үшін команда сынақтың толық циклын: бастапқы материалдардың физика-химиялық қасиеттерін терең зерттеуден бастап, зертханалық және үлкейтілген зертханалық балқымаларға дейін термодинамикалық модельдеуді өткізді. Эксперименттердің негізгі мақсаты – шығарылуы 65% - дан жоғары болатын титан концентрациясы бар ферротитан алу.

Алынған нәтижелер елдің минералды ресурстарына деген көзқарасты толығымен қайта құру үшін ғылыми-технологиялық базаны қалыптастырды. Технология тек өндіруді ғана емес, бұрын талап етілмеген шикізатты нақтылы өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл ресурс үнемдейтін өндірістерді құрудың негіз қалыптастырады және қазақстандық металлургияның импорттық ферроқорытпаларға тәуелділігін төмендетеді.

Өндірістік міндеттерді шешумен қатар институт қазақстандық металлургтердің жаңа буынын қалыптастыра отырып, саланың кадрлық проблемасын да шешеді. Зертханада тәжірибелі зерттеушілермен қатар студенттер мен магистранттар да жұмыс істейді.

«Жұмыстың маңызды құрамдас бөлігінің бірі мамандардың жаңа буынын даярлау. Зерттеулерге жас ғалымдар, мамандар мен студенттер, оның ішінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің және НИТУ МИСИС магистранттары, магистрлер мен бакалаврлар қатысады. Олар эксперименттер жүргізуге, үлгілерді дайындауға, нәтижелерді өңдеуге және талдауға қатысады, ғылыми-зерттеу жұмысының практикалық тәжірибесін жинақтайды», – деп атап өтті Ж.Әбішев атындағы ХМИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Лу.

Жоба институттың тотықсыздандыру процестері мен техногендік шикізатты өңдеу саласындағы көпжылдық ғылыми дәстүрлерін дамытады. Бүгінгі жас зерттеушілер өз тәлімгерлерінің ісін жалғастырып қана қоймайды – олар қазақстандық металлургия ғылымын теориялық ізденістер жазықтығынан дайын өнеркәсіптік технологияларды құру кезеңіне ауыстырады.

Дереккөз: zhaik.su 

Басқа жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз