ҚР МШКҚӨ ҰО Бас директорының бірінші орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысып жүрген жетекші жас ғалымдармен кезекті жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарының ағымдағы кезеңдегі нәтижелері қаралып, олардың практикалық нәтижелілігін арттыру шаралары талқыланды. Д.Қ. Айтқұлов орындаушылардың жауапкершілігі жоғары деңгейде екенін атап өтіп, әзірленіп жатқан технологияларды енгізу сатысына дейін жеткізудің және одан әрі коммерцияландырудың маңыздылығына тоқталды.
Жер қойнауын пайдаланушылардың өндіру шығындарының 1% мөлшеріндегі аударымдарын орталықтандыруды көздейтін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар жер қойнауын пайдаланушылармен өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ ғылым мен жалпы тау-кен металлургия саласын дамыту үшін қаражатты тиімді және мақсатты пайдаланудың бірқатар құралдарын талқылады.
Талқылауға Жобалар мен бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ф.А. Бердіқұлова, сондай-ақ Ғылымды дамыту бөлімінің басшысы, PhD докторы Г. Малдыбаев қатысты.
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді