Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында бас директордың бірінші орынбасары Досмұрат Айтқұлов өңірдегі бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, олардың өндірістік әлеуеті мен технологиялық мүмкіндіктерімен танысты.
Сапар барысында «Абзал и К» компаниясының күріш өңдеу зауыты мен йодталған ас тұзын өндіретін «Алтын Орда» ЖШС кәсіпорнына барды. Өндіріс орындары заманауи технологиялармен жабдықталған, өндірістік үдерістер толық автоматтандырылған. Кәсіпорындарда өнім сапасы халықаралық талаптарға сай қатаң бақыланып, ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған өнімдер шығарылуда.
Сонымен қатар, еліміздегі алғашқы шыны зауытының қызметімен танысып, өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар мен шикізат базасы мәселелері талқыланды. Кездесу барысында сырттан әкелінетін кейбір шикізат түрлерін өңірде өндіру мүмкіндіктері қарастырылып, осы бағытта бірлескен іс-қимылды дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Жалпы, сапар өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді