Қазақстандағы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының зерттеушілері литийі аз алюмосиликатты кендерден литий өндіруге мүмкіндік беретін кешенді технология жасады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Процесс карботермиялық балқытуға негізделген. Бұл инновация литийді алюмосиликатты қалдықтан сапалы бөліп алуға мүмкіндік береді. Батареялық металдан бөлек, соңғы өнім ретінде ФС45 маркалы ферроқорытпалар да алынады.
Литийі аз кендерді өңдеу нәтижесінде литий оксидінің мөлшері 12-ден 14%-ға дейінгі концентрат алынады. Бұл пайдалы компоненттің мөлшері бойынша оны алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары.
Бұл ретте өндіріс белгілі технологияларды пайдаланғанға қарағанда экологиялық жағынан таза. Бұған қажетті күкірт қышқылының агрессивті ерітінділерінің мөлшерін азайту арқылы қол жеткізілді. Экономикалық тұрғыдан бұл өндіріс шығындарын азайтуға көмектеседі.
Дереккөз: dprom.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді