Қазақстандық ғалымдар РГП «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» әзірлеген бірегей қорытпаны алу технологиясы Қырғызстандағы зауытқа енгізілуде, деп хабарлайды ҚР Министрліктерінің индустрия және жаңа технологиялар комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметі бойынша, Бішкекте Қазақстан делегациясы, индустрия комитетінің төрағасы Б. Қасымбековтің басшылығымен, Қырғызстан премьер-министрі Д. Оторбаевпен кездесті.
«Кездесудің негізгі мақсаты – Таш-Күмір қаласында (Жалал-Абад облысы, Қырғызстан) ферросиликоалюминий зауытын салу және Қазақстан ғылымы мен Қырғызстан энергетикалық жүйесін интеграциялау мәселелерін талқылау болды. Аталған зауытта «Қазақстандық» қорытпасын алу бойынша жаңа және әлемдік деңгейде бірегей технология енгізілетін болады», – делінген хабарламада.
Ферросиликоалюминий – «Қазақстандық» қорытпасы болатты раскисландыру үшін, электротермиялық процестерде және жарылғыш заттарда тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады.
«Қазақстандық» қорытпасына Еуропалық патент, Оңтүстік Африка, Алжир, Мексика, Қытай, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Украина және Қазақстан патенттері алынған.
Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі бойынша, бүгінгі күні «Қазақстандық» қорытпаға растаған сұраныс жылына 800 мың тоннаны құрайды, ал болашақта бұл көрсеткіш 6 миллион тоннаға дейін өседі деп күтілуде.
Ведомство хабарламасында атап өткендей, қорытпа әлемдегі ірі болат балқыту кәсіпорындарында, соның ішінде «Тиссен Крупп» (Германия), «POSCO» (Оңтүстік Корея), «Çelak Ogly» (Түркия) компанияларында сәтті сынақтан өткен. «POSCO» «Қазақстандық» қорытпасын болат өндірісінен бөлек, жылына 100 мың тонна көлемінде қолданылатын жаңа технологиялық процесс – металдық магний алу үшін де пайдалануды жоспарлап отыр. «Hanwa» компаниясының тапсырысы бойынша қорытпаның тәжірибелік партиялары Жапониядағы «Kobe Steel» және «Nippon Steel Sumimoto Metals» зауыттарына сынаққа жеткізілген.
Дереккөзі: www.ca-news.org
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді