Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

30.06.2026

Халықаралық ынтымақтастық аясында «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институты» («ШҒЗТКМтүсмети») мамандары «Өзбекгеологиябарлау» АҚ Орталық зертханасы мен Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Аналитикалық зертханалық кешеннің ғылыми-техникалық тәсілдерімен танысты.

Кездесу барысында кендер мен олардың байытылған өнімдерін сынау, зертханалардың біліктілікті тексеру бағдарламаларына қатысуы, заманауи әдістемелік және техникалық шешімдерді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық мамандар өзбекстандық әріптестерімен минералдық шикізатты зертханалық зерттеу, сынақ жүргізу әдістемелерін әзірлеу және қолдану, стандартты үлгілермен жұмыс істеу, сондай-ақ «ШҒЗТКМтүсмети»-дің Сынақ орталығы жағдайында зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибе алмасу зертханалық жұмыстардың сапасын жетілдіруге, талдамалық бақылаудың дәлдігін арттыруға және өнеркәсіп салаларындағы зерттеулердің тиімділігін көтеруге бағытталған.

«Заманауи зертхана үшін тек қажетті құрал-жабдықтар мен тәжірибенің болуы жеткіліксіз. Сонымен қатар өз жұмыс тәсілдерін халықаралық үздік тәжірибелермен үнемі салыстырып, ұштастырып отыру маңызды. Осындай кәсіби тәжірибе алмасу жаңа технологиялық шешімдерді білуге, ішкі үдерістерді жетілдіруге және сапа менеджменті жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институты» «ШҒЗТКМтүсмети» филиалы директорының қолданбалы зерттеулер және сынақтар жөніндегі орынбасары Лариса Кушакова.

ШҒЗТКМтүсметидің Сынақ орталығы – геология, тау-кен ісі және металлургия салаларында сынақ әдістемелерін жетілдіру және енгізу бағытында жұмыс істейтін мамандардан құралған аккредиттелген зертханалық база. Мұнда шикізат пен өнеркәсіп өнімдерінің сапасын бақылауды қамтамасыз етуге, талдау нәтижелерінің дәлдігін тексеруге, жабдықтарды калибрлеуге және Қазақстан мен жақын шетел кәсіпорындарында қолданылатын әдістемелерді метрологиялық аттестаттауға арналған стандартты үлгілер әзірленіп, аттестатталады. Олардың қатарында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Варваринское» АҚ, «ВостокХимЛаб» ЖШС, «Krisanalyt» ЖШС, «SGS Kazakhstan LTD» ЖШС, «ЦентрЭКОпроект» ЖШС, «ИСО-Центррегионсервис» ЖШҚ (Ресей) және басқа да ұйымдар бар.

Источник: gov.kz/memleket/entities/mps 

Басқа жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз