Біздің Ұлттық орталық «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ның қолдауымен «Құйрықтыкөл» кен орнын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыстардың негізгі мақсаты – кеннің заттық құрамын зерттеу және кейінгі технологиялық сынақтарды жүргізуге арналған ұсынымдар дайындау болды.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы жақында Бас директордың бірінші орынбасары Айтқұлов Д.Қ. тапсырыс берушілер алдында есепті баяндама жасады. Кеңеске «Ақмолит» ЖШС директоры Аскаров А.Ш., «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК Геология департаментінің директоры Саденов Е.М., Ғылыми-техникалық даму қызметінің жетекшісі Нұрланов А.Т., сондай-ақ компанияның жетекші менеджерлері мен геологтары қатысты.
Кеңес белсенді әрі сындарлы пікірталас форматында өтті. Оның қорытындысы бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ және «ҚР МШКӨ ҰО» РМК арасындағы ынтымақтастықты кен орнының басқа учаскелерінен алынған кендерді зерттеу бағытында жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар тараптар сирек және сирек жер металдарын өңдеу мен оларды өндіру технологияларын әзірлеуге бағытталған ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру аясында өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді.
Жер қойнауын пайдаланушылар мен салалық ғылым арасындағы мұндай өзара іс-қимыл ғылыми-технологиялық әлеуеттің дамуына серпін беріп, ел экономикасының нығаюына үлес қосады деп күтілуде.
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді