Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

23.07.2026

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу үшін конкурстық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ

2026 жылғы «21» шілде Астана қаласы
Қабанбай батыр даңғылы 32/1
1708 кабинет

Төрағалық етті: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Әлібеков О.А.

Қатысқандар: Конкурстық комиссия мүшелері

Күн тәртібі:

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысушылармен әңгімелесу өткізу және Конкурс жеңімпазын айқындау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Конкурстық комиссияның хатшысы Абдуллина Д.Ж. өтінімдерді қабылдау қорытындысы бойынша Конкурсқа қатысуға 6 кандидаттан (Абишев Ж.Д., Балпанов Д.С., Догамбеков А.Д., Жаксылыков Е.Ж., Калиолданов К.Б., Темирбеков Н.М.) өтініштер келіп түскенін хабарлады. Конкурсқа қатысуға жіберілген 6 кандидаттың ішінен әңгімелесуге 4 кандидат қатысты. Бір кандидат (Қалиолданов Қ.Б.) әңгімелесуге келмеді, бір кандидат (Темірбеков Н.М.) өз кандидатурасын қайтарып алды және Конкурсқа одан әрі қатысудан бас тартты .

ШЕШІМ:

  1. Әңгімелесу және ашық дауыс беру нәтижелері бойынша Доғамбеков Əділет Дəулеткерейұлы конкурстық комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімімен «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры лауазымына тағайындауға ұсынылды.
  2. Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурс қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz веб-порталында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.

Конкурстық комиссияның төрағасы: Әлібеков О.А

Конкурстық комиссияның мүшелері:
Бекенова Д.Р.
Жотабаева М.О.
Кабдешев Ж.С.
Султанова А.К.

Конкурстық комиссияның хатшысы: Абдуллина Д.Ж.

Басқа жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз