2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде отандық тауар өндірушілер Реестрі (ОТӨ Реестрі) іске қосылады. Бұл – отандық бизнестің реттелетін сатып алуларға және мемлекеттік қолдаудың мақсатты шараларына қол жеткізуі үшін міндетті құралға айналатын цифрлық платформа.
«Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, приоритетті негізде сатып алуларға қатысу және мемлекеттік қолдау алу тек осы Реестрге енген компанияларға ғана мүмкін болмақ.
Сатып алуларға және мемлекеттік қолдауға қол жеткізу шарттары:
Негізгі шарт – Қазақстан территориясында нақты өндірісі расталған болуы тиіс.
Тізілімде тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы қол қойылған өтінімді беру, өндірісті тексеруден және бағалаудан өту қажет. Тіркеу e-ondiris.gov.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Мәліметтердің бір бөлігі мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі, жетіспейтін құжаттарды өтініш беруші өзі жүктейді. Жүйе «цифрлық іздер» бойынша цифрлық верификация жүргізеді, яғни өндірістік алаңдарды, жабдықтарды, рұқсат беру құжаттарын, жеткізу тізбегін, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар мен кедендік статистика деректерін талдайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әрбір коды бойынша (барлығы 3 371 тауар тобы) технологиялық операцияларға және оқшаулаудың ең төменгі деңгейіне қойылатын талаптар белгіленген.
Тізілімге енгізілгеннен кейін қатысушы мәртебесін сақтау үшін мониторинг көзделген.
Бейнероликте тіркеуден бастап тізілімге енгізуге дейін және қатысушы мәртебесін сақтау үшін одан кейінгі мониторингке дейінгі реті көрсетілген нұсқаулық берілген.
Дереккөз: www.gov.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді