Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Қазақстан заңнамасында қауымдастырылған профессор және профессор ғылыми атағына үміткерлерге, әсіресе нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар бөлігінде өте қатаң талаптар қойылған.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары – Иргебаева Ирина Смайылқызы мен Минералды шикізатты кешенді өңдеудің Ұлттық орталығының өкілі Ефремова Светлана Владимировна әлемдік ғылыми қоғамдастықта танылған беделді ғылыми журналдарда белсенді түрде жариялануда.
Профессор И. С. Иргебаеваның 130-дан астам ғылыми жарияланымы бар, олардың жартысы соңғы 8 жыл ішінде жарық көрген. Шетелдік басылымдарда шамамен 40 жарияланымы бар, оның ішінде Thomson Reuters ақпараттық компаниясының базасындағы журналдарда 10-нан астам мақала жарияланған.
Профессор С. В. Ефремова 160-тан астам ғылыми еңбектің, 15 қорғаныс құжатының және 9 оқу-әдістемелік басылымның авторы. Ол да өз зерттеу саласының жетекші әлемдік журналдарында белсенді түрде жарияланып келеді.
Дереккөз: www.educontrol.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді