Н. Назарбаев ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды

06.12.2017

2017 жылғы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау комиссиясының ұсыныстарын қарастырып, ТАПСЫРАМЫН:

1. 2017 жылғы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау:

3) «Төмен сапалы (жоғары фосфорлы қоңыртемірлі) және техногенді шикізатты қайта өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлеу, болат өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың коммерцияландыруы» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Ахметов Абулхасим Балхиевич – Ғылыми жұмыстар жөніндегі директор орынбасары, Республикалық мемлекеттік кәсіпорын – «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» филиалы «Химия-металлургиялық институты им. Ж. Абишева» металлургия және материалтану зертханасының меңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты;

Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс директоры;

Витущенко Михаил Федорович – «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының консультанты;

Мұхтар Айдархан Ахуанұлы – Республикалық мемлекеттік кәсіпорын – «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» филиалы «Химико-металлургиялық институты им. Ж. Абишева» кендерді байыту зертханасының меңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты, қосымша профессор;

Рау Альберт Павлович – Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты, Қазақстан Ұлттық табиғи ғылым академиясының академигі, экономикалық ғылымдар докторы;

Сатбаев Баймахан Нұрлыбаевич – Республикалық мемлекеттік кәсіпорын – «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» Астана филиалы директоры, техникалық ғылымдар докторы;

Яблонский Владимир Иванович – «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс директорының орынбасары;

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 28 қараша 2017 жыл

№ 592

Шығанағы: www.24.kz

Басқа жаңалықтар

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты АҚШ пен Швейцариялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтады

Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты АҚШ пен Швейцариялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтады

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдары мен «Қостанай минералдары» АҚ мамандарының авторлық ұжымдары академик Е. Бөкетов атындағы сыйлыққа ие болды

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз