Қазақстан стратегиялық салаларда технологиялық тәуелсіздікке қадам басуда – ғалымдар техногендік қалдықтарды магний өнеркәсібі үшін құнды шикізатқа айналдыруға мүмкіндік беретін шешім әзірледі. Бұл импортқа тәуелділікті төмендетуге және қосылған құны жоғары экономиканы дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
Әзірлеме Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының мамандары Қостанайдағы кәсіпорындардың бірімен бірлесіп жүзеге асырды.
«Жобаның негізінде бұрын тиімді өнеркәсіптік қолданыс таппаған хризотил-асбест қалдықтарын қайта өңдеу технологиясы жатыр. Іске асыру барысында патенттелген тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы іске қосылды, оның енгізілгені ресми актімен расталды. Әзірленген технология қосылған құны жоғары өнім алуға бағытталған», – деп түсіндірді Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде.
Негізгі нәтиже бишофит (MgCl₂/6H₂O), сондай-ақ жоғары тазалықтағы синтетикалық карналлит (KCl/MgCl₂/6H₂O) алу болды. Ведомствоның мәліметінше, соңғысы стратегиялық маңызға ие, өйткені магнийді электролиттік алу үшін пайдаланылады.
«Бүгінгі таңда мұндай өнім Өскемен титан-магний комбинатының қажеттіліктері үшін шетелден сатып алынады, бұл әзірлемені импортты алмастыру тұрғысынан ерекше өзекті етеді», – деп атап өтті министрлікте.
Мұндай технологияларды енгізу бір мезгілде екі міндетті шешуге мүмкіндік беретіні атап өтіледі: техногендік қалдықтарды кәдеге жарату және жоғары технологиялық салалар үшін өз шикізат базасын құру.
Ведомство минералдық шикізатты қайта өңдеуді дамыту шикізаттық модельден қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшуге бағытталған Қазақстанның индустриялық саясатының маңызды элементіне айналып келе жатқанын атап өтеді.
Технологияны сәтті енгізу елде тұрақты магний индустриясын қалыптастыруға перспективалар ашады, импортқа тәуелділікті төмендетеді және Қазақстанның металл өндірудің жаһандық тізбегіндегі позициясын күшейтеді.
Дереккөз: inbusiness.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды
Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді