89%-ға дейін күміс және 87%-5а дейін алтын: ҚР-да кенді кешенді өңдеу технологиясын жасады

25.08.2026

Бір кеннен алтын мен күміс - отандық технология өнеркәсіптік қолданысқа енді.

Жамбыл облысы Қордай ауданында мамандар «Гагаринское» кен орнының полиметалл кендерін кешенді өңдеудің отандық технологиясын әзірледі. Ғылыми әзірлемелер жылына 1 млн тоннаға дейін кен өндіретін жаңа тау-кен байыту комбинатын салу үшін жобалық шешімдердің негізін қалады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан өнеркәсіп министрлігінің мәліметі бойынша технологияны «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми–өндірістік бірлестігі мамандары әзірледі. Кен орнын зерттеу 2017 жылы басталды, ал 2023 жылдан бастап жұмыс технологияны жетілдіруге және құнды компоненттерді алу тиімділігін арттыруға бағытталды.

Ғалымдар бірінші кезеңде кенге минералогиялық, химиялық және фазалық зерттеулер жүргізді. Бұл пайдалы компоненттерді іздеу формаларын анықтауға және оларды алудың оңтайлы әдістерін таңдауға мүмкіндік берді.

«Негізгі нәтиже біріктірілген гравитациялық-флотациялық технология болды. Ол бос алтын мен күмісті алдын-ала алуды көздейді, кейін қорғасын мен мырышты селективті флотациялайды. Одан кейін алынған алтын-күмісқұрамды өнімі гидрометаллургиялық өңдеуге жіберіледі», - деді министрлікте.

Нәтижесінде мамандар құнды компоненттері жоғары концентраттарының бірнеше түрін алды.

«Қорғасын концентратында қорғасын мөлшері 45,29%, алтын – 67,70 г/т, күміс – 1539,90 г/т. Мырыш концентратында мырыш мөлшері 50,03%, алтын – 15,70 г/т, күміс – 413,90 г/т. Гравитациялық концентратта 78,90 г/т алтын және 203,10 г/т күміс бар. Алтын-күмісқұрамды өнімде алтын мөлшері 3,61 г/т, күміс – 57,80 г/т құрайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Мамандар барлық технологиялық тізбек бойынша бағалы металдарды алу тиімділігін бөлек бағалады. Интенсивті цианидтеу кезінде өтпелі алу, алтын үшін 86% және күміс үшін 88% құрады. Сорбция әдісін қолданғанда көрсеткіштер сәйкесінше 87% және 89% жетті.

Зерттеу нәтижелері бойынша өзара байланысты екі технологиялық жүйе – алтын-күмісқұрамды өнімдер біріктірілген байыту және гидрометаллургиялық өңдеу жүйесі әзірленді. Мамандардың бағалауынша олар құнды компоненттерді кешенді алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және өнеркәсіптік қолдануға ұсынылады.

Ғылыми әзірлемелерді іске асыру жалпы алғанда жаңа өндірісті жобалау кезеңінде-ақ басталды. 2025 жылы «Қазмеханобр» өнімділігі жылына 1 млн тонна кен байыту фабрикасын жобалау үшін технологиялық регламент дайындады.

Қазір Қордай ауданында тау-кен байыту комбинатының құрылысы жүргізілуде. Осылайша, отандық зерттеулердің нәтижелері ғылыми кезеңнен тікелей өнеркәсіптік өндіріске өтуде», - деп атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Жобаны іске қосу Қазақстанның минералдық-шикізат базасын неғұрлым тиімді пайдалануға және кеннен негізгі металдар – қорғасын мен мырышты ғана емес, күміс пен алтынды да кешенді алуға ықпал етуі мүмкін. Бұл бірмезгілде, тау-кен-металлургия саласына отандық технологиялық әзірлемелерді енгізуге жағдай жасайды.

Дереккөз: inbusiness.kz 

Басқа жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Қазақстандық ферротитан: Қарағандының жас ғалымдары еліміздің металлургиясын қалай өзгертеді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз