Елімізде барит кендерін кешенді өңдеудің инновациялық технологиясы әзірленді

22.04.2026

Қазақстанда барит кендері мен техногендік қалдықтарды кешенді өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді. Бұл технология құнды компоненттерді алу деңгейін арттыруға және экологиялық зияндарды төмендетуге бағытталған.

Жоба Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті қаржыландыратын минералдық және техногендік шикізатты өндіру мен кешенді өңдеудің инновациялық, ресурсты үнемдейтін технологияларын құруға арналған ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жүзеге асырылды.

Мәселе. Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында құрамында 57-60%-ға дейін барий сульфаты бар барит кендерін байыту қалдықтарының едәуір көлемі жинақталған. Бұл материалдар ресурстық жоғары әлеуетіне қарамастан, қазіргі уақытта іс жүзінде өңдеуге тартылмаған. Қолданылып жүрген гравитациялық әдістер баритті 70-75% деңгейінде ғана бөліп алуды қамтамасыз етеді, алайда кондициялық концентрат алуға мүмкіндік бермейді. Бұл оның технологиялық тұрғыдан толық бөлініп алынбағанын көрсетеді, қалдықтарды өнеркәсіпке пайдалануды шектейді.

Шешім. Зерттеу барысында қалдықтардың заттық құрамына кешенді талдау жүргізілді, оған минералогиялық, гранулометриялық және физика-механикалық сипаттамалар енгізілді. Барий сульфатының өлшем деңгейі бойынша таралу заңдылықтары анықталып, оны тиімді түрде бөліп алуға әсер ететін факторлар белгіленді.

Ғылыми негізде гравитациялық-флотациялық біріктірілген байыту сызбасы әзірленді. Бұл әдіс Жамбыл облысындағы Шығанақ кен орнының барит кендерін гравитациялық байыту қалдықтарынан баритті қосымша бөліп алуды қамтамасыз етеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында:

  • флотацияға арналған оңтайлы реагенттер анықталды (жинағыш – олеин қышқылы, депрессор – сұйық шыны);
  • ұнтақтау және байыту режимдерінің тиімді параметрлері белгіленді;
  • тұйық циклмен жұмыс істейтін технологиялық схема әзірленді.
  • Нәтиже. Сынақ нәтижелері бойынша қалдықтардан құрамында барий сульфаты 95,47%-ға дейін жететін, ГОСТ 4682-84 талаптарына сәйкес келетін және мұнай-газ өнеркәсібінде қолдануға жарамды барит концентраты алынды.

Әзірленген технология:

  • баритті қалдықтардан барынша толық бөліп алу деңгейін арттырады;
  • тазалығы жоғары өнім алуға мүмкіндік береді;
  • техногендік қалдықтардың көлемін азайтады;
  • екінші реттік минералдық ресурстарды шаруашылық айналымға енгізеді;
  • өнеркәсіптік алаңдардағы экологиялық жағдайды жақсартады.

Осылайша, зерттеу нәтижелері өнеркәсіпке енгізу үшін жоғары әлеуетке ие және Қазақстан Республикасында минералдық шикізатты өңдеудің ресурсты үнемдейтін әрі экологиялық тұрғыдан тиімді технологияларын дамытуға елеулі үлес қосады.

Дереккөз: www.gov.kz/memleket 

Басқа жаңалықтар

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты АҚШ пен Швейцариялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтады

Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты АҚШ пен Швейцариялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтады

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдары мен «Қостанай минералдары» АҚ мамандарының авторлық ұжымдары академик Е. Бөкетов атындағы сыйлыққа ие болды

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдары мен «Қостанай минералдары» АҚ мамандарының авторлық ұжымдары академик Е. Бөкетов атындағы сыйлыққа ие болды

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз